0

қайырлы күн! мен, Айнұр Бектұрсынқызы, сіздерден анықтама қалай алуға болатындығын білгім келеді?

Ainur 10 aastat tagasi uuendaja ПКБ (Администратор) 10 aastat tagasi 1
қайырлы күн! мен, Айнұр Бектұрсынқызы, сіздерден қарыз болмағандығы туралы анықтама қалай алуға болатындығын білгім келеді? 
Құрметті Айнұр Бектұрсынқызы,

Бірінші кредиттік бюро берешектің жоқ (бар) екені туралы анықтамаларды бермейді. Бірінші кредиттік бюро кредиттік тарихтарды қалыптастырады және кредиттік есептерді береді.

Төменде көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен дербес несие есебін алуды және оның мазмұнымен танысуды ұсынамыз:
  • Электрондық үкімет порталында (электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ) бар болса)
  • Бірінші кредиттік бюроның порталында (ЭСҚ бар болса)
  • www.myth.kz порталында (ЭСҚ бар болса)
  • 1cb.kz Бірінші кредиттік бюро мобильдік қосымшасы арқылы (ЭСҚ бар болса)
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО-ры)
  • Алматы қ., Самал-3 ш.а., 25 үй мекен-жайы бойынша Бірінші кредиттік бюроның кеңсесінде. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесінің болуы міндетті. 
  • Пошта арқылы. Бұл үшін пошта арқылы Бірінші кредиттік бюроның мекен-жайына өзіңіздің нотариалды расталған қолтаңбаңызбен бірге кредиттік тарихты алу туралы өтініш жолдап, жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса тіркеуіңіз қажет.

ЭСҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жанындағы Ұлттық куәландырушы орталықтың Тіркеу орталықтарында немесе www.pki.gov.kz мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сайтында онлайн-өтінімді рәсімдеу арқылы алуға болады.

Бірінші кредиттік бюроның қызметі мен көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпаратпен
1cb.kz сайтында таныса аласыз.