
0
просто кредит
Мен Айжариков Бейбитжан Сафиоллаевич евразиялық бантен яғни просто кредиттен алынған неесием 2013 жылы түгелдей жабылған болатын, алайда қазіргі уақытқа дейін несие тарихым жаңартылмаған, 45 күнде жаңартылуы тиіс болғанымен. сол себепті менің несие тарихымды жаңартып түсіріңізді сұраймын
Service d'assistance aux clients par UserEcho
Біріншіден, төменде көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен дербес несие есебін алуды және оның мазмұнымен танысуды ұсынамыз:
ØЭлектрондық үкімет порталында (электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ) бар болса)
ØБірінші кредиттік бюроныңпорталында (ЭСҚ бар болса)
Øwww.myth.kzпорталында (ЭСҚ бар болса)
Ø1cb.kz Бірінші кредиттік бюро мобильдік қосымшасы арқылы (ЭСҚ бар болса)
ØХалыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО-ры)
ØАлматы қ., Самал-3 ш.а., 25 үй мекен-жайы бойынша Бірінші кредиттік бюроның кеңсесінде. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесінің болуы міндетті.
ØПошта арқылы. Бұл үшін пошта арқылы Бірінші кредиттік бюроның мекен-жайына өзіңіздің нотариалды расталған қолтаңбаңызбен бірге кредиттік тарихты алу туралы өтініш жолдап, жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса тіркеуіңіз қажет.
ЭСҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жанындағы Ұлттық куәландырушы орталықтың Тіркеу орталықтарында немесе www.pki.gov.kz мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сайтында онлайн-өтінімді рәсімдеу арқылы алуға болады.
Кредит тарихы кредиттер бойынша ағымдағы жағдайды ғана емес, сондай-ақ оларды өтеу тарихын да көрсетеді. Яғни, егер кредит бойынша мерзімін ұзарту орын алған болса, онда кредиттік есепте мерзімін ұзарту қай айда, қандай сомаға болғандығы және қанша күнге созылғандығы туралы ақпарат көрсетіледі. Бұл деректер қарыз алушының төлем төлеу тәртібін сипаттайды және егер деректер дұрыс болса, ол жойылмайды және жаңартылмайды.
Кредиттік тарихтың жағдайын бақылау мақсатында Сізге «Кредиттік тарихты бақылау» қызметіне жазылуды ұсынамыз. Осы қызметке жазылғаннан кейін Сіз кредиттік тарихыңызда қандай болса да деректер өзгертілген жағдайда хабарлама алап тұрасыз және өзгерістермен таныса аласыз.
БКБ-ның жеке тұлғаларға ұсынатын қызметтері туралы толық ақпаратты біздің www.1cb.kz сайтымыздың «Қызметтер» - «Жеке тұлғалар үшін» бөлімінен ала аласыз.